Қарағанды облысы
Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Бұл білу маңызды!» атты ақпараттық акция өткізілді. Іс-шара Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі жүзеге асыратын «Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында, «Қазақстан азаматтары» ҚБ-мен бірлесіп, «Healthy Life» еріктілер қозғалысының қатысуымен өтті.
Акция барысында қала тұрғындарының түрлі санаттарын, соның ішінде басқа өңірлерден келген және әлеуметтік бейімделу кезеңінде жүрген азаматтарды ақпараттандыруға ерекше назар аударылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – діни сауаттылық деңгейін арттыру, сыни ойлауды дамыту және деструктивті әрі радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу болды.
Қатысушыларға деструктивті ағымдардың белгілері түсіндірілген ақпараттық материалдар таратылып, ақпараттық кеңістікте және қазіргі әлеуметтік ортада қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар берілді.