Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған балаларға киім түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сәуір 13, 2026 | Қаралымдар: 44

Қазақстанның балалар паллиативтік көмек қауымдастығы Gloria Jeans бренді ұсынған киімдерді жеткізу бойынша маңызды жұмыс атқарды. Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Болеславовна Киселеваның қолдауымен заттарды тарату Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы базасында ұйымдастырылып, 16 балаға көмек көрсетілді.

Осындай бастамаларды жүзеге асыру отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейтіп, балаларға қамқорлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.