Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында академик А. С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Сәуір 13, 2026 | Қаралымдар: 32

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Түсіпбеков Жарқын Амантаевич сөз сөйледі.

Студенттермен диалог барысында «Дін және қоғам» тақырыбы талқыланып, радикалды идеологияның белгілері, жастарды тарту әдістері және ақпараттық ортада сыни ойлаудың маңыздылығы түсіндірілді.