Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банктік колледжінің студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл. Вербовка жасаушылар мен деструктивті діни ағымдардан қорғану әдістері» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Сәуір 14, 2026 | Қаралымдар: 48

Спикер ретінде әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-дінтанушы Тлекбаев Серік Қуатұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында экстремизмнің пайда болу себептері, оның қоғамға төндіретін қауіптері, сондай-ақ жастарды деструктивті идеологиялардан қорғауда сыни ойлау мен ақпараттық сауаттылықтың рөлі жан-жақты талқыланды.