Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банктік колледжінің оқытушыларымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл. Вербовка жасаушылар мен деструктивті діни ағымдардан қорғану әдістері» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Сәуір 15, 2026 | Қаралымдар: 47

Спикер ретінде әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-дінтанушы Тлекбаев Серік Қуатұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында экстремизмнің пайда болу себептері мен қоғамға төндіретін қауіптері қарастырылып, жастарды деструктивті идеологияларға тартудың алдын алуда сыни ойлау мен ақпараттық сауаттылықтың маңызына ерекше назар аударылды.