Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өтті.

Сәуір 15, 2026 | Қаралымдар: 51

Кездесу тақырыбы: «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл. Вербовка жасаушылар мен деструктивті діни ағымдардан қорғану әдістері».

Спикер ретінде әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-дінтанушы Тлекбаев Серік Қуатұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті идеологиялардың таралуына байланысты негізгі қауіптер түсіндіріліп, сыртқы теріс ықпалға төтеп беру дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.