Қарағанды облысы
Бүгін Ғарышкерлер бульварында, Кетбұқа ескерткіші жанында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында дәстүрлі экологиялық акция өтті.
Жергілікті діни бірлестіктер клубының мүшелері Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбековамен бірге ағаш отырғызу жұмысына қатысты.
Мұндай кездесулер – тек аумақты көркейту ғана емес, бұл – өзіміз өмір сүріп жатқан жерге деген құрметтің көрінісі.
Халық даналығында айтылғандай: адам артында ізгі іс қалдыруы керек – үй салу, ұл өсіру, ағаш отырғызу. Бір маңызды іс атқарылды, демек дұрыс бағыттағы қозғалыс жалғасуда.
Әсіресе осындай игі іске түрлі көзқарастағы, түрлі мамандық иелері мен әр буын өкілдерінің бірігуі өте құнды. Бүгін бірге болған баршаңызға рақмет!