Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған балаларға кезекті қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сәуір 21, 2026 | Қаралымдар: 638

Қазақстанның балалар паллиативтік көмек қауымдастығының қолдауымен балаларға Gloria Jeans брендінің киімдері табысталды. Киімдерді тарату Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы базасында ұйымдастырылып, 10 балаға қажетті көмек көрсетілді.

Мұндай бастамалар қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейтіп, қоғамда қамқорлық, назар және өзара көмек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.