Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласында азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды
10 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсының атқарушы директоры Д. Ш. Телагисова азаматтық қоғам белсенділерімен бірге Орал қаласы әкімінің орынбасары А. З. Губашевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтық қоғам институттарын дамыту, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер жобасын талқылау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ ҮЕҰ мен белсенді азаматтармен алдағы кездесуге дайындық мәселелері қарастырылды.
Билік пен азаматтық сектор арасындағы конструктивті диалог қоғамның ашық әрі тұрақты дамуының маңызды шарты болып қала береді.