Батыс Қазақстан облысы

«Германиядағы кеңес әскерінің тобы және Варшава келісімшарты әскерінің тобы» ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мүшелері Шалқар ауылында өткен қысқы спорттық іс-шараға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ауыл тұрғындарының бірлігін арттыруға өз үлестерін қосты.

Ақп. 17, 2026 | Қаралымдар: 48

Іс-шара аясында оқушылар арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, олар белсенді түрде қатысты. Бұл шара жастарды дене тәрбиесіне баулып, олардың патриоттық сезімін қалыптастыруға зор ықпал етті.

Шараға Гумаров Ерболат, Хайруллин Мизамғали, Акашаев Бақыт, Орынбайұлы Азамат сынды ардагерлер белсенді қатысып, жастарға үлгі көрсетті.

Қысқы спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жолақов Жанболат Бахошұлына, мектеп директоры Қайырғұл Шынар Самиголлақызына, сондай-ақ ауыл ақсақалдары Дауылбаев Ғиният Ешжанұлы мен Тасқалиев Жантемір Қабиболлаұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Олардың ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдауы іс-шараның сәтті өтуіне ықпал етті.

«Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі осындай маңызды бастамаларды әрдайым қолдап, жастарға патриоттық тәрбие беру мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Бұл іс-шара жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елжандылық рухты қалыптастыруға бағытталды.