Батыс Қазақстан облысы
Көшбасшы әйелдер конституциялық өзгерістерді қолдайды
Бүгін Астанадағы EXPO Конгресс-орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» атты кездесу өтті.
Жиында Ерлан Қошанов пен Аида Балаева сөз сөйлеп, 15 наурызда өтетін референдум, жаңа Конституцияның ел дамуындағы маңызы, сондай-ақ әйелдердің қоғам мен отбасы өміріндегі рөлі мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды.
Шараға еліміздің барлық өңірлерінен мыңға жуық әйел көшбасшы жиналды. Батыс Қазақстан облысынан 33 делегат қатысып, олардың қатарында «Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының мүшелері де болды.
Кездесу әйелдердің ел болашағына қосар үлесін айқындаған маңызды диалог алаңы болды.