Батыс Қазақстан облысы
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңіріміздегі Азаматтық Альянстың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер, М. Ықсанов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Асқар Атаевты қабылдап, мерейлі 90 жасымен құттықтады.
Кездесу барысында «Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Дарина Шаумуратовна ақсақалға құрмет көрсетіп, Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы атынан арнайы алғыс хат табыстады. Өңірдің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбегі үшін шынайы ризашылық білдірілді.
Өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген адал еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Құрметті Асқар Атаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тілейміз.