Батыс Қазақстан облысы

Бүгін, 23 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық I форумы аясында пленарлық отырыс өтті.

Сәуір 23, 2026 | Қаралымдар: 105

Ауқымды басқосу ауыл әкімдерін бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға және ауылды дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен Дархан Жазықбай қатысып, ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік, инвестиция және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағыттары кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, шараға Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының белсенді мүшелері де қатысты.