Деркөл кентіндегі Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің спорт залында мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті.
Шара облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Батыс-Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылды.
Тартысты додаға Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының өкілдері қатысып, жоғары дайындық пен белсенділік танытты. Нәтижесінде:
«Бес асық» ойынынан командалық 1-орын иеленді!
Жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, тағылымды шараға айналды:
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастарының ерлігі мен батырлығы еске алынды;
- ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған боздақтарға құрмет көрсетілді;
- ұлттық спорт түрлері жаңғырып, қатысушылардың ұлттық рухын асқақтатты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеле берсін!