Қызылорда облысы

Чернобыль апатын жоюға қатысушылардың ерлігі – ұмытылмайтын тарих. Биыл Чернобыль апатының орын алғанына 40 жыл толып отыр.

Сәуір 26, 2026 | Қаралымдар: 446

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болып, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі тіркелді. Радиоактивті бұлт мыңдаған шақырымға таралып, экология мен адам денсаулығына орасан зиян келтірді. Апаттың салдарын жою жұмыстарына Қазақстаннан 30 мыңнан астам азамат қатысты. Олар антына адал, адамзат амандығы үшін жанын аямаған нағыз ерлер болды.

Бүгінгі ұрпақ үшін бұл тек өткен тарих емес, үлкен сабақ. Ол ерлік, жауапкершілік, адамдық борыш пен ар-намыс әрдайым биік тұруы керек екенін еске салады.

Бүгінде осы ардагерлердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғауда қоғамдық ұйымдардың еңбегі зор. Олар медициналық көмек, әлеуметтік қолдау, заңдық кеңес беру бағытында жұмыс жүргізіп, сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие беруге белсенді атсалысуда.

Чернобыль ардагерлерінің ерлігі мен қоғамдық ұйымдардың еңбегі – ұрпаққа үлгі.

Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтардың рухына тағзым ете отырып, олардың ерлігіне құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз. Ерлік ұмытылмайды, тарих бетінде мәңгі сақталады.