Коммерциялық емес сектордағы сапаның болашағы: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер

Қар. 14, 2024 | Қаралымдар: 412

...

Бүгін Қазақстандық делегаттар Мәскеуде өткен «Дүниежүзілік Сапа күні - 2024» форумы аясында өткен «Коммерциялық емес сектордағы сапаның болашағы: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты панельдік пікірталасқа қатысты. Қатысушылар КЕҰ, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы сенімді нығайтудың негізгі стратегияларын, сондай-ақ коммерциялық емес сектордағы ашықтық пен әлеуметтік тиімділікті арттыру жолдарын талқылады.

Бұл іс-шара сапа, әлеуметтік жауапкершілік және серіктестік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудың маңызды тұғырнамасына айналды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан келген делегаттар осы форумға «Халықаралық ынтымақтастық саласындағы Азаматтық бастамаларды қолдау (РФ алаңдарында)» жобасы аясында қатысты.