Қостанай облысы

Жеңімпаз жобалардың жүзеге асырылу барысымен бөлісуді жалғастырамыз.

Сәуір 30, 2026 | Қаралымдар: 1478

«Климаттық саясатқа қоғамдық сараптама жүргізу» жобасы өңірлерде белсенді түрде жүзеге асырылуда.

3 жұмыс тобы құрылды:

  • ұлттық топ — талдау және үйлестіру
  • өңірлік топтар — жергілікті жерлерде жұмыс жүргізу (Ақмола және Ақтөбе облыстары)

Өңірлерде:

  • нақты кейстер жиналуда
  • саясат пен тәжірибе арасындағы алшақтықтар анықталуда
  • фермерлермен және мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуде

Қазіргі таңда:

  • 3 ауданға сапар жасалды, алда тағы 2 аудан бар
  • егіс науқаны бойынша кеңестерге қатысу жалғасуда

«Бағдарламаларды әзірлеушілердің өзі кейде толық ақпаратқа ие бола бермейді».

Күрделі мәселелердің бірі — фермерлер мен әкімдіктер тарапынан сақтық танытылуы.
Сонымен қатар, білім мен тәжірибеге деген қызығушылық пен сұраныс артып келеді.

Келесі кезеңде қосымша семинарлар мен оқыту кездесулерін өткізу жоспарлануда.


Жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «ЗУБР» консалтингтік орталығы және «Қостанай облысының Азаматтық альянсы “ГрИн”» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылуда.