Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылған шағын гранттардың қорытындыларымен бөлісуді жалғастырамыз.

Мамыр 14, 2026 | Қаралымдар: 14

Табысты бастамалардың бірі – Жетісу облысы Көксу ауданында «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған «Ауыл Бизнес LAB» – жастарға арналған кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық мектебі жобасы.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл жастарының, соның ішінде студенттер мен NEET санатындағы жастардың кәсіпкерлік және қаржылық дағдыларын арттыру.

Жоба аясында 2025 жылдың қазан айынан бастап 120 қатысушы тіркеліп, олар үшін бірқатар оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды. Жастар кәсіпкерлік негіздері, бизнес-идеяларды әзірлеу, бизнес-жоспар құру және заманауи маркетинг құралдарын пайдалану бағыттары бойынша семинарлар мен тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Сонымен қатар, қаржылық сауаттылыққа ерекше көңіл бөлініп, қатысушылар жеке қаржыны басқару, бюджетті жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және қаражатты тиімді бөлу бойынша білім алды.

Жоба барысында табысты кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, жастар нақты тәжірибемен танысып, өз ісін бастауға қажетті кеңестер мен мотивация алды.

Сондай-ақ қатысушыларға кәсіп бастаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары – гранттар, субсидиялар және жеңілдетілген бағдарламалар туралы ақпарат берілді.