Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында шағын гранттар конкурсының қорытындылары шығарылды.
Байқауға барлығы 103 өтінім қабылданды. Техникалық іріктеу мен конкурстық комиссияның бағалау нәтижесінде 10 жеңімпаз анықталды. Олардың жобалары тарихи-мәдени мұраны сақтау, дәріптеу және ілгерілетуге бағытталған волонтерлік бастамаларды іске асыруды көздейді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және байқауға белсенді қатысқан барлық үміткерлерге алғысымызды білдіреміз!