Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында шағын гранттар конкурсының қорытындылары шығарылды.
Байқауға еліміздің 7 өңірінен барлығы 26 өтінім қабылданды. Техникалық іріктеу мен конкурстық комиссияның бағалау нәтижесінде 18 жеңімпаз анықталды. Олардың жобалары ауылдық ҮЕҰ-ды қолдауға, ауылдық аумақтарды дамытуға және жергілікті азаматтық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және байқауға белсенді қатысқан барлық үміткерлерге ризашылығымызды білдіреміз!