Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жобасын іске асыру аясында «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК педагогикалық құрамымен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының басшысы, Қарағанды облысы ЖДБ басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дмитрий Сергеевич Полтаренко сөз сөйледі.
Кездесу барысында әлеуметтік желілердің қауіптілігі, деструктивті псевдодіни және діни ағымдарға тарту мәселелері талқыланды.