Қарағанды облысы
Долинка кентіндегі мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін әкімнің орынбасары Хамитов Жасұлан Тыштықұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ әрбір қызметкердің кәсіби қызметінде адалдық қағидаттарын сақтау бойынша жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.