Қарағанды облысы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде Долинка кенті әкімінің орынбасары Хамитов Жасұлан Тиштықұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Мамыр 14, 2026 | Қаралымдар: 2

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің қоғамда ашықтық, адалдық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.

Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау мен адалдық қағидаттарын ұстанудағы жеке жауапкершілігінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.