Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Жастар» футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамымен және тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.

Мамыр 19, 2026 | Қаралымдар: 3

Спикер ретінде Әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-дінтанушы Серік Қуатұлы Тлекбаев сөз сөйледі.

Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті идеологиялардың алдын алу және жастар арасында тұрақты дүниетанымды қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершіліктің рөліне ерекше назар аударылды.