Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Жекпе-жек түрлері және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі спорт клубы» КММ жаттықтырушы-оқытушылар құрамымен кездесу өткізілді.

Мамыр 19, 2026 | Қаралымдар: 4

Спикер ретінде дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қабулова Шахмарал Майбекқызы сөз сөйледі.

«Қазақстандағы мәдениетаралық диалог. Деструктивті идеологияға қарсы конфессияаралық және ұлтаралық келісім» тақырыбындағы кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзара құрмет пен төзімділік мәдениетін дамытудың маңыздылығы мәселелері талқыланды.

Деструктивті идеологиялардың таралуының алдын алу және жастардың бойында тұрақты рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы білім беру мен спорттық ортаның рөліне ерекше назар аударылды.