Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының басшысы, Қарағанды облысы ЖДБ басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дмитрий Сергеевич Полтаренко сөз сөйледі.
Кездесу барысында әлеуметтік желілердің қауіптілігі және деструктивті псевдорелигиозды әрі діни ағымдарға тарту тәуекелдері талқыланды.