Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында КМҚК «Қарағанды технико-құрылыс колледжі» студенттерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жарқын Амантаұлы Түсіпбеков сөз сөйледі.
Ашық диалог барысында «Діни ерекшелік идеясы және насихатталатын діни догматтар» тақырыбы қарастырылды. Кездесу қатысушылары радикалды көзқарастардың жастар санасына әсері, рухани және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау маңыздылығы, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыни ойлау мен діни сауаттылықтың рөлі туралы пікір алмасты.