Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында академик А. С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жарқын Амантаұлы Түсіпбеков сөз сөйледі.
Студенттермен диалог барысында «Дін және қоғам» тақырыбы қарастырылып, радикалды идеологияның белгілері, жастарды тарту әдістері және ақпараттық ортадағы сыни ойлаудың маңызы талқыланды.