Батыс Қазақстан облысы

Бүгін Жайық жұртшылығы дәстүрлі түрде Жеңіс алаңына жиналып, ерлікке тағзым етті. Шараға «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы мүшелері де белсене қатысып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті.

Мамыр 9, 2026 | Қаралымдар: 138

Жиналған қауым Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ел мен жер үшін жанын қиған батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.