Батыс Қазақстан облысы
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық бірлестіктері тағзым еске алу іс-шарасына қатысып, жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым етті.
Іс-шара барысында БҚО Азаматтық Альянсы мүшелері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ел тарихындағы қасіретті кезең құрбандарын үнсіздікпен еске алды.
Бұл күн – өткеннің ауыр сабағын ұмытпай, тәуелсіздік пен азаттықтың қадірін терең ұғынатын маңызды күн. Қуғын-сүргін құрбандарының есімі мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.