Түркістан облысы

Сайрамда ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті

Сәуір 22, 2026 | Қаралымдар: 2

Сайрам ауданында Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдарының тимбилдингі 2026 жылға арналған жоба аясында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жүзеге асырылды.

Кездесу тақырыбы:
«Бір мақсат – бір қоғам: ҮЕҰ әлеуетін дамыту және өңірлік бірлікті нығайту»

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, ҮЕҰ өкілдері азаматтық секторды дамыту, ұйымдардың әлеуетін арттыру және өңірлік бірлікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Сонымен қатар, Түркістан облысының Азаматтық Альянсы соңғы 4 жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар мен бастамалар туралы ақпарат беріп, ұйымның қызметі мен жетістіктерін таныстырды. Бұл қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерді көріп, өзара ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.

Кездесу барысында аудан және қала деңгейіндегі ҮЕҰ өкілдерінің өзекті қажеттіліктері талқыланып, көтерілген мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жеткізілетіні атап өтілді.

Мұндай кездесулер азаматтық қоғамның дамуына серпін беріп, ҮЕҰ арасындағы байланысты күшейтеді.