Түркістан облысы

«Жаңа Конституция: Бірлігіміздің тірегі» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның ел дамуы мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды.

Сәуір 28, 2026 | Қаралымдар: 1

Кездесу барысында спикерлер өзекті баяндамалар жасап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мемлекетті дамыту және конституциялық реформалардың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Іс-шара соңында азаматтық қоғамның белсенді өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Бірқатар қатысушылар «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаттары және облыс әкімінің марапаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында:
Бақытжан Жармаханұлы Бейсембаев — «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысының Азаматтық Альянсы командасының мүшелері — Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызы мен Нуритдинова Насиба Алиханқызы — Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Елімізге қызмет ету жолындағы еңбегіміздің жоғары бағалануы біз үшін үлкен мәртебе. Көрсетілген сенім мен қолдау үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!