Түркістан облысы

Бүгін Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жобасы аясында шағын гранттар байқауы бойынша комиссия отырысы өтті.

Мамыр 19, 2026 | Қаралымдар: 2

Zoom платформасы арқылы өткен онлайн кездесуде қатысушылар өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын таныстырып, гранттық өтінімдерін қорғады.

Комиссия төрайымы:
Инара Намазбаева — Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТБ бірлестігінің президенті.

Комиссия мүшелері:

  • Н. Тәжібеков — Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік идеология және саяси жұмыс бөлімінің басшысы;
  • Т. Нәлібаев — «Қолқанат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Ж. Сүиімбай — «Жайылма» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • А. Әбдінәбиева — «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігіне, әлеуметтік маңыздылығына және жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес бағалау жұмыстарын жүргізді.

Шағын гранттар — азаматтық бастамаларды қолдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және өңірдегі қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды мүмкіндік.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!