Түркістан облысы

БІРЛІКТІ ҰЛТ — ТҰРАҚТЫ ҰЛТ

Мамыр 25, 2026 | Қаралымдар: 9

Қазақстан — бірлік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Елдегі түрлі этностар бір мақсат пен ортақ мүдде жолында өмір сүруде. Халықтар арасындағы достық — ел тұрақтылығының негізі.

Кенто гуманитарлық және техникалық ғылымдар колледжінде өткен кездесуде колледж қызметкерлеріне, қала тұрғындары мен жастарға қоғамдық келісім мен татулықтың құндылығы түсіндірілді.

Кездесу барысында «күшті мемлекеттің болашағы бүгіннен басталады» екені айтылып, жастар өзара сыйластық пен достыққа шақырылды. Бірлік — қоғам дамуының негізгі тірегі екені ерекше атап өтілді.