Батыс Қазақстан облысы

5 маусым күні БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында азық-түлік өнімдерінің сапасы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Маусым 5, 2026 | Қаралымдар: 627

Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы мен Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының бастамасымен, БҚО қоғамдық даму басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен:

«Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азық-түлік тауарларының баға қалыптастыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және белсенді азаматтар қатысты.

Қатысушылар азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптардың сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық бақылау тетіктері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Ет және сүт өнімдерінің сапасына, оларды өткізу жағдайларына және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне қатысты азаматтардың өтініштері мен сенімі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл заңдылықты қамтамасыз етудің, нарықтың ашықтығын сақтаудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңызды шарты екені атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастырып, бірлескен ұсыныстар әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. Басым бастамалардың қатарында қоғамдық мониторинг топтарын құру, сапасыз азық-түлік өнімдері анықталған жағдайда тұтынушылардың іс-қимыл алгоритмін әзірлеу, тұтынушылар қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өнім сапасын арттыруға, қоғамдық бақылауды дамытуға және тұтынушылар сенімін нығайтуға бағытталған өзге де шараларды іске асыру ұсынылды.

Ашық диалог пен бірлескен жұмыс тұтыну нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі тетігі болып қала береді.