Түркістан облысы
«Этносаралық келісім – ел болашағы» атты зияткерлік ойын өтті
2026 жылғы 5 маусымда Кентау қаласы мен ауылдық елді мекендер командаларының қатысуымен «Этносаралық келісім – ел болашағы» атты зияткерлік ойын өтті.
Іс-шараның мақсаты – этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық бірлікті дамыту, достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.
Шара Кентау қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
Зияткерлік ойынға жастар, орта және аға буын өкілдерінен құралған командалар қатысып, өз білімдері мен командалық қабілеттерін сынады.
Ойын 4 кезеңнен тұрды:
- «Таныстыру»;
- «Білім мыңды жығар»;
- «Сөз тізбегі»;
- «Капитандар сайысы».
Қорытынды бойынша:
I орын — «Шаңырақ» командасы;
II орын — «Бірлік» командасы;
III орын — «Бейбіт елдің жастары» командасы.
Қатысушылар этносаралық келісім, қоғамдық татулық, достық пен бірлік тақырыптары бойынша жоғары білім деңгейін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеті мен ұйымшылдықтарын дәлелдеді.
Бағдарлама аясында Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда тұратын түрлі этнос өкілдерінің өмірі, еңбек жолы және қоғамдық белсенділігі туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда өзара сыйластық, ынтымақтастық пен бірлік құндылықтары көрініс тауып, қатысушылардың Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауржан Әбенұлы қала әкімі Жандос Қалмырзаұлының атынан қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды марапаттады. Өз сөзінде ол қоғамдағы бірлік пен бейбітшіліктің маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара құрмет пен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру.