Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасының таныстырылымы өтті
Бүгін «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба Қазақстанның Азаматтық альянсы тарапынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылуда.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жоба Қоғамдық кеңестердің қоғамдағы рөлін арттыруға және олардың танымалдылығын күшейтуге, қоғамдық қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ жоба аясында өңіраралық диалог алаңдарын өткізу, қоғамдық бақылау саласында 10 шағын грант беру, Қоғамдық кеңестер жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу қарастырылған.
Жылдың екінші жартысында Қоғамдық кеңестер жүйесін дамыту және заңнаманы жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық форум өткізу жоспарлануда.
Жоба қорытындысы бойынша соңғы кездесу өткізіліп, жұмыс нәтижелері ұсынылып, қоғамдық бақылау саласындағы үздік тәжірибелер таныстырылатын болады.