Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «ҮЕҰ-ды инфрақұрылымдық қолдау: мемлекет пен азаматтық қоғамның тиімді өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Жанна Бейсентайқызы Асанова болды. Кездесуге Парламент депутаттары, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік азаматтық альянстардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында ҮЕҰ-ларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, оның ішінде жер учаскелерін беру мәселелері, сондай-ақ азаматтық секторды қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру, үкіметтік емес сектордың тұрақтылығын нығайту және оның қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жолдарын талқылады.