Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы білім бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және кәсіби қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Маусым 1, 2026 | Қаралымдар: 100

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің қоғамда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік ұйым қызметкерлері арасында адалдық пен ашықтық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.