Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік басқару жүйесіндегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамытуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қызметтік міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинар спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың негізгі тетіктері, заңнама талаптарын сақтау және қызметтік мінез-құлық стандарттарын ұстану мәселелері қарастырылды.