Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының Мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік басқару жүйесіндегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және қызметтік міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу ғана емес, әрбір қызметкердің ашық, әділ және тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудағы өз рөлін терең түсінуі ерекше маңызға ие.
Іс-шараның спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.