Қарағанды облысы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және кәсіби қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-практикалық семинар өтті.

Маусым 4, 2026 | Қаралымдар: 94

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік әрі әлеуметтік мекемелер қызметіндегі ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың практикалық тетіктері, қызметтік әдеп пен адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері, сондай-ақ әрбір қызметкердің әділ әрі тиімді жұмыс ортасын қалыптастыруға қосатын жеке үлесінің маңыздылығы талқыланды.