Қарағанды облысы

Шахан кенті әкімдігі аппаратының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-практикалық семинар өткізілді.

Маусым 4, 2026 | Қаралымдар: 106

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, жариялылық пен жауапкершілік қағидаттарын дамытуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.

Семинарға Шахан кентінің әкімі Өмірбеков Ғалым Алдыбайұлы қатысты. Кездесу барысында қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері және әрбір қызметкердің кәсіби қызметте адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы рөлі талқыланды.