Қарағанды облысы
Шахан кентіндегі №2 жалпы білім беретін мектепте педагогтерге арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәсіби және қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ білім беру саласындағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-практикалық семинар өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік мекемелер қызметіндегі ашықтық, жариялылық пен жауапкершілік қағидаттарын дамытуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында өскелең ұрпақты адалдыққа, әділдікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеудегі педагогтердің рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның спикері Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы болды.