Қарағанды облысы

Евней Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын сақтау және білім беру ортасында адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Маусым 4, 2026 | Қаралымдар: 97

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің құқықтық сауаттылықты арттыруға, адалдық мәдениетін дамытуға және мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өскелең ұрпақ бойында әділдік, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және кез келген адал емес әрекеттерге төзбеушілік сияқты құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараның спикері Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы болды.