Қарағанды облысы
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәсіби қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамытуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және еңбек ұжымдарында адалдық, ашықтық пен әділдік құндылықтарын насихаттауға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, күнделікті жұмыста ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету жолдарын талқылады.