Қарағанды облысы

Шахтинск қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәсіби қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Маусым 12, 2026 | Қаралымдар: 122

Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамытуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және еңбек ұжымдарында адалдық, ашықтық пен әділдік құндылықтарын насихаттауға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.

🎙 Семинар спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ күнделікті жұмыс қызметінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.