Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында этномәдени бірлестіктер мүшелерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының басшысы, Қарағанды облысы МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дмитрий Сергеевич Полтаренко сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, конфессияаралық татулық пен келісімді сақтау мәселелерін, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің рухани бірлікті нығайтудағы, қоғамдық тұрақтылық пен қазақстандық қоғамның үйлесімді дамуын қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.