Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу спикері ретінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының басшысы, Қарағанды облысы МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дмитрий Сергеевич Полтаренко сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар «Жастар және дін» тақырыбын талқылап, жастар арасында деструктивті идеологиялардың таралуына байланысты өзекті сын-қатерлерді қарастырды. Сонымен қатар отбасының, білім беру ұйымдарының және кітапханалардың діни сауаттылықты, рухани мәдениетті қалыптастырудағы және жастардың радикалды идеяларға қарсы тұру қабілетін нығайтудағы рөлі талқыланды.