Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қарағанды облысындағы «Тәжік диаспорасы» этномәдени және диаспоралық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Маусым 12, 2026 | Қаралымдар: 215

Кездесудің спикері Қарағанды облысындағы «Тәжік диаспорасы» этномәдени және диаспоралық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сондай-ақ Қарағанды қаласының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Норматов Шакарбек Саъдуллаевич болды.

Кездесу барысында қатысушылар діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелерін талқылап, этномәдени бірлестіктердің рухани бірлікті нығайтудағы және қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөліне ерекше назар аударды.